ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Аудандық пробация есебінде тұрған азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысып, бір-біріне көмек қолын созуды естен шығарған емес. Жақында пробация есебіндегі азаматтар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, көп балалы отбасылардың үйіне барып, қысқы отындарын бұтап, үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Көмек алған отбасылар жомарт азаматтарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Жалпы жыл басынан бері есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы оргындармен, қоғамдық бірлестіктермен, өзге де ұйымдармен бірлесіп, тиісті жұмыстар атқарылды. Пробация есебінде тұрған азаматтардың барлығына да психологиялық-медицналық, әлеуметтік- құқықтық көмектер көрсетіліп

Қайырымдылық - халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Аталған шаралардың басты мақсаты азаматтарды қайырымдылық шараларына қатыстыру арқылы оларды қоғамның игілікті істеріне бағыттау болып табылады. Осы шара  арқылы азаматтар бір-біріне көмек беру, қиындықта қалған жандарға жанашырлықпен қарап, аяушылық таныту секілді ізгі қасиеттерді өмірлік қағидаларына айналдыра алады. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Нұрсұлтан Қасымов, аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты