Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына 2026 жылғы 19 мамырда қол қойды және
1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Жаңа Заңның 28-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA баллы 3,33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар конкурс өткізілместен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады.
Ендігі кезекте жоғары оқу орнын мемлекеттік грант негізінде тәмамдаған түлектер ғана емес, ақылы негізде білім алған түлектер де конкурс өткізілместен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Қосымша ақпарат алу үшін Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратына келуге немесе төменде көрсетілген байланыс телефондары арқылы жауапты мамандарға хабарласуға болады.
Мекенжайы:
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы,
Жібек жолы көшесі, №25.
Байланыс телефондары:
+7 705 319 2956 – Момбеков Нұрлан
+7 705 269 5252 – Рахимов Руслан