ШӘУІЛДІРДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШӘУІЛДІРДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
“Таза Қазақстан” бағдарламасы мен “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында аудан әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ Шәуілдір ауылындағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны ластамау, заң талаптарын сақтау, нысан аумақтарының көркейтілуі мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қоғамдық тәртіп пен тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, ортақ іске белсенді атсалысуға шақырылды.
Аралау барысында тазалық талаптарын сақтамаған бірқатар кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту жасалып, кемшіліктерді қысқа мерзімде ретке келтіру тапсырылды.
Таза әрі тәртіпті орта – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан ауданның көркеюі мен тазалығын сақтау жолында тұрғындар мен кәсіпкерлердің бірлесе әрекет етуі маңызды.