«Таза су айдындары» акциясы өтті

«Таза су айдындары» акциясы өтті
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза су айдындары» акциясы Сырдария өзені жағалауында ұйымдастырылып, кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – су айдындарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция барысында өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар арқылы қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз екені тағы бір мәрте дәлелденді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акциялар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Барша тұрғындарды табиғатты қорғауға, тазалық сақтауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға шақырамыз!