Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындармен кезекті жеке қабылдау өткізіп, халықтың талап-тілегі мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары инфрақұрылым, ауыз су, жол, әлеуметтік көмек, жер мәселесі және ауылдың өзекті түйткілдері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесіне жіті көңіл бөлініп, жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тапса, заң аясында қарауды қажет ететін ұсыныстар бақылауға алынды.
Халықпен ашық байланыс орнату, елдің мұң-мұқтажына дер кезінде назар аудару – аудан әкімдігі жұмысының негізгі бағытының бірі. Осы ретте тұрғындардың өтініштері кезең-кезеңімен орындалып, тиісті жұмыстар тұрақты бақылауда болады.