Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша жауапты бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі бағыты екенін атап өтіп, халықпен ашық әрі тығыз байланыс орнату басты міндеттердің бірі екенін жеткізді.
Жеке қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтып, елдің өзекті мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.