
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы арқылы тұрғындардың мемлекеттік органға деген көзқарасы қалыптаcатындығы жасырын емес. Бүгінгі таңда тұрғындарға сапалы, ашық және қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында түрлі форматтағы шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда.
Отырар ауданы әкімі аппараты өтініштердің қаралауын бақылау, құжаттандыруды қаматамасыз ету бөлімінінің бас инспекторы М.Кенжебеков ұйымдастыруымен Талапты ауылдық округі әкімі аппараты мен Көкмардан ауылдық дәрігерлік амбулаториясында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық бақылау жұмыстарына «Отырар аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәрсенбек Сартаев, Талапты ауылдық округінің әкімі Ербол Әбілқасым, Көкмардан ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Ұлбала Райымқұловалар қатысты.
Азаматтық қоғам институты өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің уақытылы, сапалы және қолжетімді болуы назарға алынып, жауапты қызметкерлермен пікір алмасты.
Ең бірінші кезекте, сапалы қызмет көрсетумен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалуын назарға ала отырып, тиісті нұсқамалар мен ұсыныстар беріліп, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар жүктелді.
Көкмардан ауылдық амбулаториясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша нұсқаулықтар мен ережелердің үлгілік ережелерін жаңарту ұсынылып, нұсқамалар берілді.