“ТАЗА АУЛА” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

“ТАЗА АУЛА” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Шәуілдір ауылында «Таза аула» акциясы аясындағы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру және аумақты көркейту бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы бақылап, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, қысқа мерзім ішінде көпқабатты тұрғын үйлер маңындағы тозығы жеткен ойын алаңшаларын қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету тапсырылды.
Аталған шаралар тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған.