ТАЗА АУЛА АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ!

ТАЗА АУЛА АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ!
«Таза аула» экологиялық акциясы аясында Шәуілдір ауылында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Ауылдың көркеюіне бағытталған бұл игі шараға Т.Сәрсенбаев көшесінің тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар бір кісідей атсалысты.
Акция барысында көше бойы толықтай тазартылып, арам шөптер орылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, аула маңдары ретке келтіріліп, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әрбір тұрғын өз үйінің айналасын тазалап қана қоймай, ортақ аумақтың да таза әрі көрікті болуына үлес қосты.
Бұл шара – тек бір күндік тазалық емес, ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
 Таза ауыл – дені сау ұрпақ кепілі!
Тазалық – ортақ міндет!
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылдың көркеюіне өз үлесін қоса береді.