Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлайды!

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлайды!

Мен еңбек шарты бойынша екі ұйымда күзетші болып жұмыс істеймін. Екі компания да менің БЖЗҚ-дағы шотыма міндетті зейнетақы жарналарын аударуға тиіс пе?

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (Заң) 24-бабына сәйкес БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) зейнетақы төлеу жөніндегі агенттер болып табылатын жұмыс берушілер Заңда белгіленген мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс. Тиісінше, жеке тұлға мен еңбек шартын   жасасқан екі ұйым да БЖЗҚ-ға  жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.