Бүгін аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің төрағалығымен «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу жиыны өтті. Елдегі карантиндік жағдайға байланысты онлайн форматта өткен жиынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен құқық қорғау органдарының және осы салаға тиісті мекеме басшылары қатысты.
Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Мейрамхан Кемелханов төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының дайындығы туралы баяндады.
Аудан басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының маңыздылығын айта келе тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.