ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ ӨТТІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ ӨТТІ
Бүгін Отырар аудандық орталық ауруханасында сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында құжаттандыру саласында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен өткен шарада ақ қалатты абзал жандар тұрғындар мен қызмет алушыларға медициналық қызмет түрлерін көрсетіп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызмет алушылар емхана ғимаратына жоспарлы тексеруден өтіп, денсаулық жағдайын бақылау, ауруларды уақтылы анықтау және қажетті емдеуді тағайындау сынды қызметтерді ұсынды.
Шарада Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы М.Кенжебеков қызмет алу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға қызмет берушілердің шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.