ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен және Мемлекет басшысының 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Отырар ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандағы мектеп бітіруші түлектері мен колледж студенттерінің қатысуымен арнайы кездесу жиыны ұйымдастырылды.
Аталған тұжырымдамада мектептер мен жоғары оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын қалыптастыру көзделген.
Шараның мақсаты – оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік қызмет саласына бағыттап, олардың кәсіби таңдауына қолдау көрсету және жас буынның мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу жиынға Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы Елеусизов Ашим Кабланович, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Н.Момбек, бас инспектор Р.Рахимов, аудандық білім бөлімі қызметкерлері, мектеп бітіруші түлектер мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Кездесу барысында Н.Момбек, Р.Рахимовтар мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, іріктеу кезеңдері, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, үміткерлерге қойылатын талаптар және мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.
2024 жылы университеті GPA-3.52 үздік бітірген Оралхан Айсұлтан Алмасұлы мен 2025 жылы үздік бітірген Қамысбай Нұргүл Сағдатқызы мемлекеттік қызметке конкурстік іріктеусіз қабылданғаны туралы тәжірибелерімен бөлісіп, білімді жастардың мемлекеттік қызметке орналасуына мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, жауапкершілігі мен артықшылықтары туралы пікір алмасты. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, болашақ мамандық таңдауда ескерілетін маңызды жайттар айтылды.