Қабылдау аудан әкімдігінде өтіп, оған әр ауылдық округтен келген тұрғындар қатысты. Жеке қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік мәселелер, тұрғын үймен қамту, жер қатынастары, инфрақұрылымды дамыту, жол, ауыз су, жарықтандыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және өзге де маңызды бағыттар бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында нақты түсіндірмелер берді. Көтерілген сұрақтардың бірқатары қабылдау барысында шешімін тапса, қосымша уақыт пен жан-жақты зерделеуді қажет ететін мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, жеке бақылауға алынды. Әрбір өтініш бойынша нақты мерзімдер белгіленіп, жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктелді.
Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындармен тікелей кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, елді мекендердегі өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға және жүйелі шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы мемлекеттік органдардың басты міндеті – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың заңды талап-тілектеріне уақытылы әрі сапалы жауап беру екенін жеткізді.
Айта кету керек, аудан әкімінің жеке қабылдаулары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аудан басшылығы алдағы уақытта да халықпен ашық әрі сындарлы диалог жүргізуді жалғастырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге әрдайым дайын екенін білдірді.