Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 2026 жылға арналған туризм және кәсіпкерлік салаларын дамыту жоспарларының орындалу барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Е. Оралбай баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы жан-жақты мәлімет берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі салалық көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлік пен туризм бағытындағы жоспарланған жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, салааралық үйлесімділікті күшейтіп, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.