БАҒА ТҰРАҚТАНДЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

БАҒА ТҰРАҚТАНДЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Р.Әліш бастаған аудандық статистика басқармасының басшысы Қ.Мейірманов және аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Е.Оралбай аудан орталығындағы азық-түлік дүкендеріндегі бағаларды тұрақтандыру мақсатында аралау жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке (ӘМАТ) рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде біршама тауар түрлері қымбаттағаны байқалады.

Осыған орай, кәсіпкерлердің азық-түлікті сатып алу қалалары мен орындары анықталып, ендігі кезекте облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасымен бірігіп, «Тұрақтандыру қорынан» ӘМАТ тауарларын босатуға ұсыныс тастау және аудан кәсіпкерлерін делдалсыз тауар сатып алу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылатын болады.