СЕН САЙЛАНУҒА ҚҰҚЫЛЫСЫҢ

СЕН САЙЛАНУҒА ҚҰҚЫЛЫСЫҢ

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарының негізінде 2026 жылдың 26 қаңтар күні «5 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күніне» орай Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектепбінде №494 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Г.Каймакова «Сен сайлануға құқылысың» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.

Шараның мақсаты - жастарға сайлау заңнамасының талаптарын, құқықтарын түсіндіру және жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру.

Іс - шара барысында оқушылар постерлер қорғап, сұрақ -жауап бөлімі бойынша сайлау жүйесіне қатысты мағлұматтармен танысып, ойларын ашық, еркін жетізіп қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары А.Дуйсеханов қорыта келе, сендер - ертеңгі ел тағдырын шешетін жас буынсыңдар. Сондықтан, қазірден бастап заңды біліп, өз құқығыңды құрметтеу, қоғам өміріне белсенді араласу өте маңызды екенін айтып өтті.          

Саналы таңдау жасай білетін, әділдік пен жауапкершілікті жоғары қоятын азамат болуларына тілектестік білдірді.

Сайлау - бұл сенің дауысың, сенің таңдауың, сенің болашағың.

Сайлау - тек құқық ғана емес, үлкен жауапкершілік. Өз құқығын білетін, белсенді азамат - ел болашағының кепілі.