Аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы арнайы Ызакөл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру болды.
Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым, жол, жарықтандыру, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, тиісті салаға жауапты бөлім мамандары тарапынан заңнама аясында нақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы жүргізді. Ол тұрғындармен ашық әрі жүйелі диалог орнатудың маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын жеткізді.
Өз сөзінде аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе қараусыз қалмайтынын атап өтіп, олардың мүмкіндігі мен маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудандық мәслихат төрағасы ауыл тұрғындары көтерген мәселелерге қатысты бірқатар нысандарды арнайы аралап, нақты жағдайымен танысты. Тиісті бөлім басшыларына заң аясында нақты тапсырмалар жүктелді.