ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Халқымызда «ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген даналы сөз бекер айтылмаған. Елдің берекесі мен жас ұрпақтың өнегесіне әр уақыт қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келе жатқан қазыналы қарттарға құрмет көрсету әрбір адамның азаматтық парызы. Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария,теңіз іспеттес. Қариялар - халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар», – деген аталы сөз осыдан қалса керек.

Осы ретте бүгін аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов жасы 90-нан асқан Іңкәрбек Батырбеков пен 84 жасты еңсерген ардагер Мырзахмет Темірбековтың үйлеріне арнайы барып құрмет көрсетті. Әкім мен хатшы кездесу барысында Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Б.Ізмұхамбетовтің арнайы алғыс хаттарын табыстап, қазыналы қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Өз кезегінде ардагерлер атадан қалған асыл қасиеттен танбай көрегенділік танытып, құрмет көрсетіп жатқан ел ағаларына шынайы алғыстарын айтып, ақ батасын берді.