МАЙЛЫҚОЖА МҰРАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ БҮГІНГІ ҰРПАҚ МІНДЕТІ

МАЙЛЫҚОЖА МҰРАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ БҮГІНГІ ҰРПАҚ МІНДЕТІ

Биыл ХІХ ғасырдың екінші жарты­сын­да өмір сүрген Қаратау өңірі шайырла­ры­­ның көрнекті өкілі әрі күнгейлік ақын­­дар мектебінің негізін қалаушылардың бірі Май­лықожа Сұлтанқожаұлының 185 жылдық мерейтойы.

Өз тұсындағы саяси-әлеуметтік оқи­ғалардың барлығына дерлік өзіндік көз­қарасын білдіріп отырған және өз зама­нын­дағы әдеби үдерістердің ешқайсы­­сынан тыс қалмаған ақын­ның әдеби мұрасын ұлттық мүдде тұрғысынан қайта жаңғырту бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осы орайда Түр­кістан облысының әкімдігі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің ұйымдас­ты­­ру­ымен зерттеуші ғалымдардан құралған топ ауданымызда болып, киелі өңіріміздегі Отырар руханият музейіндегі ақын туралы тың деректермен танысты.

Топ мүшелері Д.Кенжетай, Н.Мансуров, Е.Ос­­панов, С.Саттаров, А.Жаппарқұ­ло­ва­лар­­дың және Халық ақыны Ә.Қалыбекованың қатысуларымен ақын мұрасы қайта сара­ланып, ақын өмірі жайында түсірілетін де­ректі фильмнің жоспары талқыға салынды. Майлықожа мұрасының халық жадында қал­ған қандай да бір деректері экспедиция жұ­мысына үлкен көмек.

Осы ретте шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ақын шығар­­маларының зерттелу тарихнама­сын жа­­сауға тың деректер іздеген экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.