ЖЕҢІМПАЗДАР ЖЕҢІСІ – БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗ!

ЖЕҢІМПАЗДАР ЖЕҢІСІ – БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗ!

«Кітапхана – отбасы мекені» демекші отбасында рухани – өнегелік мәдениетті және отба­сылық оқуды дәстүрлі дамыту­да, со­нымен қатар оқитын от­ба­­сылардың қоғамдағы оң­­ды бе­­делін қалып­тас­тыруда кі­тап­ха­на­лар­дың ат­қарар қыз­­меті ау­қым­ды.

Біздің аудандық кі­тапханада кітапхана мен отба­­сы арасын­дағы тұрақ­­ты қарым-қатынас­ты қалыптастырып, от­­ба­­­­сылық тәрбиенің үздік үлгі­­лерін наси­хаттау бағытында «Отбасы.Кітап. Кітапхана» жо­­басы ая­сында мазмұнды тәр­­биелік ма­ңызы бар іс-шаралар тұрақты өткізілуде.

2011 жылы А.С.Пушкин атын­дағы облыстық әмбебап ғы­­­­лыми кітапханасының ұйым­­дасты­руымен өткізілген «Үз­­дік оқитындар әулеті» атты облыс­тық байқауда Көпжасаров­­­тар отбасы І орын иеленіп, дип­лом­мен марапатталды.

2016 жылы облыстық мәде­­ниет басқармасы мен А.С.Пуш­кин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйым­дастыруымен өткізілген «Кітап және отбасы» атты облыс­тық отбасылық оқу бай­қауына қа­тысқан Сапар­баев­тар отбасы І орын иеленіп, дип­ломмен 100 мың теңге сыйлықа ие болды.

2018 жылы Елбасы Н.Ә.На­зарбаев­­тың «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» бағдар­­лама­­лық мақаласы аясында өт­кі­зіл­ген облыстық «Кітап және от­басы» байқауында отбасылық оқу дәстүрін қалыптастырып, жас ұрпаққа кітап оқу мәдени­­етін дәріп­те­­гені үшін Садыбаев­­тар отбасы облыстық мәден­иет және тілдерді дамыту басқар­­ма басшысының дипломымен ма­ра­­патталып, бас жүлде 150 мың теңгені қанжығасына байлады.

Республика, облыс көлемінде жарияланған отбасылық оқу байқауларынан біздің кітапхана тыс қалған емес. Ұлттық ака­демиялық кітапханасы ұйым­­дастырған «Үлгілі отбасы» он­­лайн байқауы соның айғағы. Бай­­қаудың мақсаты қазіргі уа­қыт­­та елімізде орын алған тө­тен­­ше жағдайға байланысты оқ­­шаулану кезінде отбасы мү­­ше­­лерінің бос уақыттарын пайда­лы өткізуді тиімді қалыптастыру.

Бұл байқауды ұйымдастыру­ға ұйытқы болған санамызды жаң­­ғыртып, мәдениет пен әде­биет­­тің мерейін асыратын, та­ри­­­хымызды таразылап, бо­­ла­­­шақ­­қа бағыттайтын руха­­ният­­­тың қозғаушы күшіне ай­­­­­­­­­­налған тұлға, педагогика ғы­­­­лым­­­­дары­ның докторы, про­­фес­­сор, ҚР Ұлттық акаде­­мия­­лық кітап­ха­на­­сының дирек­­то­­ры Үмітхан Дәуренбек­­қызы Мұңал­­баева.

Бұл ұйымдастырылған бай­қау­­ға республика бойынша 36 үміткер отбасы қатысып, өз бақ­тарын сынасты.

Қазақстан Республикасы Мә­де­­ниет және спорт минис­трлі­гінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Ака­де­мия­­лық кітапханасының ұйым­дас­­тыруымен өткізілген «ҮЛ­ГІЛІ ОТБАСЫ» атты он­ла­йн бай­­қауына аудандық орта­­­лық кітапхана ұжымы да­­йын­­даған, кітапханамыздың от­­­­­­­ба­­­­­­сылық оқыр­­мандары Әбуов­­тер от­­басы қатысып, жүл­­делі ІІ орын­ға ие болды. Қатыс­­у­­шы­­лар байқау шартында көрсе­­тілген­дей «Отбасын таныс­­тыру сюжеті», «Абайдың 175 жыл­ды­ғына арнал­ған жеке шығар­машылық көрінісі» атты бөлім­дер бойынша сынға түсті. Байқауға қатысу­шылардың ең­­бектері әлеу­меттік желі оқыр­­мандарының «ұнатулары» мен «бөлісулеріне» қарай баға­­­ланды. Жеңімпаз отбасы Түр­кістан облыстық мәдениет бас­­­қарма­сының басшысы Ә.Қой­лы­­­­­­ба­ев­­тың арнайы қа­­был­­­­­­да­уында болып, басқарма аты­­­нан алғыс хат иеленсе, Отырар ау­даны әкі­мінің орын­басары П.Жап­пар­­құлов жеңім­паздарға Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Ака­де­миялық кітапханасының ал­ғыс хаты мен сыйлығын ар­найы табыстады.

Өнерлі де білімді Әбу­­овтер отбасын же­ңісте­рімен құттық­тай отырып, шы­ғармашылық шабыт, толағай табыстар ті­лей­міз!

Р.Пернебаева,

аудандық орталық кітапхана әдіскері.