БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгінгі күні азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипат­тағы апаттардан қорғау, зілзалалар­дың қауіп-қатерін азайту мәселесі мемле­кеттің басты назарында. Құтқарушы мамандығының ең басты мін­деті – адам өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты мис­сия. Дүлей апаттың айтып келмейтіні рас. Тосыннан кел­ген апат кезінде азаматтарға бірінші болып кө­мекке келетін төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез кел­геннің қолынан келе бермеуі мүмкін. Өйткені, оған мықты жүрек, машық және тәжірибе керек.

Биыл еліміздегі азаматтық қорғау органдарының құрылға­нына 25 жыл. Осы ретте 19 қазан – құтқарушылар күніне орай аудандық №9 маман­дан­дырылған өрт сөндіру бөлі­­мінде мерекелік шара өткі­зілді. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, құт­тықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: - «Еліміздің азаматтық қорғау орган­дарының қызмет­керлері 25 жылдан бері ха­лықтың қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында төтенше жағ­дайлардың алдын алу мен жою, жедел әрекет ету қағидасы қалыптасып, тиімді жүйе құрылды. Құтқарушы – батылдықты, қырағылықты, ше­берлікті қажет ететін жа­уапты ма­мандық. Сіздерді бү­гінгі кәсіби мере­келеріңізбен құттықтай отырып, зор ден­саулық, отбасыларыңызға аман­дық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!» -деп жылы лебізін жеткізді.

Жиын барысында аудан әкімі­нің орынбасары тұрғындардың ты­ныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы мінде­­тін бұлжытпай орындап, азамат­­тық қорғаудың мемлекеттік жүйе­сін дамытуға қосқан зор үлесі үшін және апаттың алдын алу, төнген қатерден халықтың өмі­рі мен денсаулығын сақтап қалудағы қызметі үшін аудан­дық өрт сөндіру бөлімінің бір­қатар қызметкерлеріне аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің Ал­ғыс хаттарын тапсырды. Ал­ғыс хат­­та «Сізді 19 қазан – аза­мат­тық қорғау органдарының құры­­луына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтап, Сізге кәсі­би мерекеде жарқын белестер мен мол табысқа бөленуіңізді, бастаған ісіңізді сәтті аяқ­тап, қызмет барысындағы ең­бегіңіздің жемісті болуын, алға қой­ған жоспарларыңыздың ор­ында­луын тілеймін! Мереке құтты болсын, денсаулығыңыз мықты болсын!»-делінген.

Жалпы ауданымызда №9 - өрт сөнд­іру бөлімі мен Маяқұм ауылындағы №30 - өрт сөндіру бекеті ел тыныштығы мен қа­уіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Аталған бөлімде барлығы 57 қызметкер жұмыс істейді. Олардың қай-қайсысы болса да өз міндеттерін мінсіз атқаратын қайсар жандар.