Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері артып, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерге мол мүмкіндіктер жасалып отыр.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің тапсырмасына сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерге арналған арнайы бөлме жабдықталып, Отырар ауданы әкімінің аппаратында қолжетімді екенін хабарлаймыз.
Бөлме қажетті техникамен қамтамасыз етілген және тестілеуге қатысушы үміткерлерге қолайлы жағдай жасалған.
Мемлекеттік қызметке іріктеу – ашықтық пен әділдік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мекенжай: Отырар ауданы әкімі аппаратының ғимараты. Шәуілдір ауылы, Жіюек жолы даңғылы №25.
Қосымша ақпарат үшін: 8 (72544) 77279; ішкі желі - 3478