АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ

АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия ретінде бағалаған коронвирустық инфекция таралуының алдын-алу, тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында «еGov.kz» порталында жаңа қызмет пайда болды. Енді көлік жүргізушілер «еGov.kz» порталында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндігі бар.

Бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеледі.

 «еGov.kz» порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде жеткізуді ресімдеу үшін «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.

Сонымен қатар, жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚКО атауы мен толық мекенжайын көрсете отырып, барлық міндетті жолдарды толтыру керек. Осыдан кейін қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).