Бүгін Отырар аудандық прокуратурасы мен аудан әкімдігі бірлесіп, «Мансап» орталығында тұрғындарға арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Мақсат: халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолжетімді заң көмегін ұсыну.
Шара барысында тұрғындар жер алу, ауыз су, жұмыссыздық, тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек алу секілді мәселелер бойынша сауалдарын қойып, жауапты мамандардан тұщымды жауап алды.
Акция қазан айының әр сәрсенбісінде сағат 11:00–16:00 аралығында өтеді.
Келесі қабылдау: 29 қазан, Шәуілдір ауылы, «Отбасын қолдау орталығы» КММ ғимаратында.
Кеңестер тегін, алдын ала жазылу қажет емес.
Барлық аудан тұрғындарын білікті мамандардан заң кеңесін алуға шақырамыз!