Бүгін «Заң және тәртіп» жобасын іске асыру аясында Отырар аудандық Прокуратурасы мен аудан әкімдігінің, денсаулық, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп аудандық «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығында «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әрбір азаматқа қолжетімді әрі уақытылы заң көмегін қамтамасыз ету.
«Құқықтық дәріхана» акциясы қазан айының әр сәрсенбісінде сағат 11.00 мен 16.00 аралығында өтеді деп жоспарланған. Келесі қабылдау 22 - қазан күні Арыс ауылы, Аудандық Мансап орталғы ғимаратында, ал, 29 қазан күні Шәуілдір ауылы, Отбасын қолдау орталығы КММ ғимаратында өтеді. Айта кетейік, кеңестер толығымен тегін, алдын ала жазылусыз және қарапайым әрі түсінікті форматта өткізіледі. Барлық тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланып, қолайлы жағдайда білікті заң көмегін алуға шақырамыз.