КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы таралуының алдын-алу, таралуына жол бермеу баршамыздың міндетіміз болып отыр. Наурыз-қыркүйек айлары аралығында вирус жұқтырудың бірінші толқыны тұрғындардың денсаулығына зиян келтірумен қатар, ел экономикасының дамуына да кері әсер етті.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында вирустық инфекция таралуының екінші толқыны жалғасын табуы ықтимал.

Түркістан облысы бойынша бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау, коронавирустық инфекция таралуының алдын-алу бойынша төмендегі талаптардың сақталуына баса мән беру сұралады.

  • Үйіңізден аса қажет жағдай болмаса шықпаңыз!Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Үнемі маска тағып жүріңіз. Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз (тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін, медициналық көмек керек жағдайда), далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын киім киіңіз.
  • Қолыңызды сабынмен (кемінде 20 секунд) жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз!
  • Мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз!
  • Тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз! Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз.
  • Күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз!
  • Үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!
  • Байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз!Қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. Азық-түлік пен тауар қажет болса, үйдің табалдырығына дейін жеткізу қызметтерін пайдаланыңыз.
  • Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз! Иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз немесе олардың жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз.

Нұрлыбек Лесбекұлы Сұлтанханов, Отырар аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.