Отырар ауданында экологиялық талаптарды бұзғандарға қатаң шара қолданылуда

Отырар ауданында экологиялық талаптарды бұзғандарға қатаң шара қолданылуда
Отырар аудандық полиция бөлімімен ұйымдастырылған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, аудан аумағында автокөліктерге кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында Отырар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Зәуірбек Шәуілдір ауыл округінен Көксарай ауыл округіне заңсыз тас қиыршықтарын (ГПС) тасымалдаған 1 жүк көлігін анықтады.
Анықталған жағдаятқа байланысты Н.Зәуірбек оқиғаны анықтамалық есеп кітапшасына (АЕК) тіркеп, тиісті шараларды қабылдады.
👉 Жинақталған материалдар, фотосуреттер мен түсініктемелер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139-бабына сәйкес Түркістан облысы бойынша экология департаментіне жолданды.
📌 Жыл басынан бері дәл осындай 20 заң бұзушылық анықталып, айыппұлдар салынды.
Алдағы уақытта да жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың әрекеттерін болдырмау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрамы полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.