«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйекте Талапты ауыл округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Ауыл округі әкімінің сайлауында жергілікті тұрғындар өздері тікелей жасырын дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасады.
Сайлау нәтижесіне сәйкес аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Талапты ауыл округінің әкімі болып Әбілқасым Ербол Бұғыбайұлы сайланды.
Жаңа басшыны аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Артықбай Дүйсеханов куәлік табыстады.
Әбілқасым Ербол Бұғыбайұлы 1974 жылдың 01 мамырында Отырар ауданы, Көкмардан ауылында туылған. Білімі жоғары, 2000 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2008 жылы Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы бас есепші болып бастап, ҚР Ішкі істер органдарында түрлі қызметте, Көкмардан жалпы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, “Айтолқын-ай” ЖШС директоры, Отырар ауданы әкімдігінің “Отырар-қызмет” МКК-нің директоры қызметтерін атқарған.