Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қолдауымен Отырар ауданында қызмет алушылар күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық бақылау өтті.
Шараға Департаменттің бас маманы Гүлнұр Еділқызы, Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторлары Есбол Қасымбеков, Асхат Әмірхан, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалы Отырар аудандық бөлімінің жауапты қызметкерлері Гүлнұр Досанова мен Нұрбек Байтасовтар қатысты.
Ашық есік күнінде сала мамандары жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүліктерге құқықтарді тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспортын беру, кадастр сынды қызметтер тұрғындарға қызмет көрсетіп, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызмсет көрсету – ең алдымен ел дамуының негізгі көрсеткішімен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органға деген көзқарасы мен иммиджі қалыптастыратындығы белгілі. Шара барысында Гүлнұр Еділқызы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланысты болып отыр. Бүгінгі шара арқылы мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсынуды мақстат тұтып отырмыз» деді.
Мұнан соң Департамент өкілі мемлекеттік мекеме және біілім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Алдымен, Гүлнұр Еділқызы аудан орталығында және тұрғындар көп шоғырланатын орында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі бойынша сауалнама жүргізіп, брошюра таратты.
Сонымен қатар, Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Отырар ауылдық округі әкімінің аппараты, №1 жалпы білім беретін орта мектепте болып, тұрғындардың мемлекеттік қызмет алудағы қолжетімділігі және қолайлы жағдайдың жасалуын бақылады.