
Еліміздің әр өңірінен келген 12 қатысушы көрерменге ерекше айтыс үлгісін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен Ахметрасул Баянбай (Түркістан облысы) Бас жүлде иегері атанды. Жүлделі I орын Мұхтар Қонарбаевқа (Астана қаласы), жүлделі ІІ орын Аян Ниязбек (Түркістан облысы) пен Арай Нұрадинге (Ақтөбе облысы), жүлделі III орын Байсүгіров Нұрмұхаммед (Қарағанды облысы) пен Нұрмахан Жақыпбекке (Түркістан облысы) бұйырды. Сонымен қатар Әбдікерім Манап атындағы арнайы жүлде Бейісхан Хавдолла (Солтүстік Қазақстан облысы), Қаныбек Сарыбаев атындағы арнайы жүлде Мұхаметқан Сіләмхан (Түркістан облысы). Жарқынбек Наушабеков атындағы арнайы жүлде Өмірбеков Нұрдәулетке (Түркістан облысы), Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлде Нұрғали Әнәпияға (Шымкент қаласы), Тәушен Абуова атындағы арнайы жүлде Тұрсын Шынарбекке (Алматы облысы), Түркістан облысытық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі Бекарысұлы Шахмарданға (Түркістан облысы) табысталды.