ОТЫРАРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

ОТЫРАРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ
Отырар ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлының төрағалығымен Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жиын өтті. Жиынды аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және тұрғын үй саласы мен
қоғамдық-саяси ахуал туралы аудан әкімінің орынбасарлары Қыдырбай Сейітқұл мен Айдос Құлмаханов баяндады.
Жиын барысында департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер өз ісін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы тиістігін жеткізді. Сонымен қатар туризм, мәдениет салаларындағы жұмысты жандандыру бағытында өз ұсыныстарын білдірді. Мемлекеттік қызметшілерге жасанды интелектті меңгеруге, тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізуге дағдалану бойынша өз тәжрибелерімен бөлісті.
Жалпы мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі, заңдылықты қамтамасыз ету мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігіне байланысты екенін айтып, әр көрсетілген мәліметтің шынайылығын қамту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, қаржылық пирамида, құмар ойындардан, «Вейп» секілді уытты заттардан сала мамандарының аулақ болу қажеттігін ескертті.
Жиында ауданның құрметті азаматы Мырзахмет Темірбеков, ішкі істер саласының ардагері Жұмахан Әбдіқадіров, ауыл биі Шайырбек Айжарықов ұрпақ тәрбиесі, татулық, адамгершілік, мемлекеттік органдардың ашықтық қағидатын ұстануы секілді мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті.
Жиын соңында аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібіндегі көтерілген өзекті мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын айтып, ауданға арнайы келген департамент басшысына аудан халқының атынан алғысын айтты.