«Қызмет алушылар күні» 2025 жылдың 7 тамыз күні өтті

«Қызмет алушылар күні» 2025 жылдың 7 тамыз күні өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша Отырар ауданы білім бөлімі, бастауыш пен орта білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы Жамбыл атындағы лицей-мектебінде өткізілді.
Іс-шара Отырар ауданы білім беру бөлімі, бастауыш пен орта білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушы ата-аналарға электронды түрде алу жолдарын түсіндіру мақсатында және аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мәселелерді шешу талқыланды.
Келген қызмет алушы ата-аналарға алатын қызметі туралы және қажетті құжаттардың керектігі туралы түсіндірме кеңес берілді.
Сонымен қатар, қызмет алушы ата-аналарды қабылдау барысында Өз үйіндегі интернет немесе ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышындағы» арқылы электронды түрде eGov.kz, balabaqsha.snation.kz, mektep.snation.kz порталдарыы және eGov mobile қосымшасы арқылы
 Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және қабылдау
 Мектепке қабылдау
 Мектептен мектепке ауыстыру
 Лагерьге жолдама
 Тегін тасымалдау
 Жеңілдікпен тамақтану
 Қосымша білім беру
 Құжаттың телнұсқасын беру
 Басқа сыныпқа ауыстыру
 Оқу орнынан анықтама
мемлекеттік қызмет алу жолдары көрсетіліп түсіндіріліп кеңес берілді.