ТУРИСТІК ОРЫНДАРҒА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ БАРУҒА БОЛАДЫ

ТУРИСТІК ОРЫНДАРҒА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ БАРУҒА БОЛАДЫ

«Қазақстан Темір жолы» АҚ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ- "Қала маңындағы тасымал" филиалы өңіріміздегі тарихи туристік орындарға тартымдылықты арттыру мақсатында Шымкент-Түркістан, Шымкент-Сарыағаш бағытына арнайы бағыттар ашып отыр.
Арнайы бағыттағы вагондарда жолаушыларға қолайлы жағдай толығымен қарастырылып, өрт қауіпсіздігі мен жайлылық сақталған. Электрлі қуаттау, кондиционер, бейнебақылау камералары, wi-fi жүйесі заман талабына сай смарт жүйелер арқылы қамтамасыз етілген. Мұнан бөлек, арнайы медициналық қызмет пен бөбектер мен балалары бар жолаушылар үшін ойын бұрышы әзірленген.
Жаңа технологиялармен жабдықталған вагондардың саны тұтынушылар санының артуына байланысты ұлғайту да қарастылған. Жол жүру құны ірі бекеттер үшін арнайы тарифпен бекітілген. Отырабат, Ұзынқұдық, Ақшоқат, Темір, №37, Қарақоңыр, Қостүйін теміржол бекеттеріне тоқтап, аптасына 5 рет қатынамақ.
Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Темір жолы» АҚ арнайы вагон қосу арқылы туристік бағыттарға баратын жолаушылар үшін ерекше қызмет ұсынбақ. Мұнда Отырар мемлекеттік-археологиялық қорық-музейі, Арыстанбаб кесенесі, Сапар орталығы, Отырартөбе қалажұртына және өзге де тарихи орындарға келуші туристерге қызмет көрсетіп, вокзалдан туристік нысандарға дейін тасымал ұйымдастырылмақ. Бұл өз кезегінде туристік орындарға теміржол арқылы да баруға мүмкіндік туғандығын көрсетіп отыр.