Отбасы банк 2025 жылдың 24 мамырдан бастап отбасы банкі ұлттық даму институты болып қайта құрылды. 2024 жылғы 22 қарашада мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» ҚР Заңына қол қойды. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 10-3 бап негізінде ЖАО;
-Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын іске асырады;
-16-2 тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде біріңғай республикалық электірондық базада, «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында түрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматарының тізімдер маниторингін жүзеге асырады.
-16-3 тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, тұрғын үйге мұқтаж қандастарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көмек көрсетеді.
2025 жылы 24 мамырдан бастап азаматтарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою және кезек жүргізу қызметтері «Отбасы Банк» АҚ –ына берілді. Осы көрсетілген уақыттан кейін азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар есебіне Orken Otbasy bank.kz порталында өздерінің ЭЦҚ кілті арқылы тіркеле алады. Бұған дейін бұл қызмет түрін электронды Kezekte.kz порталында жүзеге асырылып келді.
Азаматтар тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес тұрғын жайға мұқтаждар есебіне тұру үшін келесі талаптарға сай болуы қажет;
Осылайша, ешқандай санатқа жатпайтын азаматтар да, жоғарыда аталған талаптарға сай келсе, есепке тұра алады.
Тұрғын үйді бөлудің жаңа тәртібінде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй алуға бірінші кезекте 70% пайызы тұрғын үйдің жалпы көлемінен алады. Оларға мына санаттағы адамдар жатады;