АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте аудандағы абаттандыру жұмыстары мен елді мекендердің санитарлық-тазалық жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Мұрәділ Кизбаев хабарлама жасап, елді мекендердегі тазалық жұмыстары туралы баяндады.
Жиын барысында «Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасы аясында атқарылған жұмыстар, акция шеңберінде ұйымдастырылған сенбіліктер, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындардың белсенділігі мен мекемелердің қатысу деңгейі бағаланды.
Аудан аумағындағы санитарлық жағдай, тұрмыстық қалдықтарды шығару, қоқыстарды жою және санитарлық талаптардың орындалу барысы талқыланып, ауыл округтер тарапынан орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын барысында жауапты мекемелердің жұмысы сараланып, нақты міндеттер жүктелді.