ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ
Бүгін Отырар аудандық мәдениет сарайының мәжіліс залында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында аудан тұрғындарымен еркін форматта арнайы мәжіліс өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып, ауданға арнайы келген мобильді топ құрамымен таныстырды.
Кездесу барысында Отырар ауданы прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Серік Ізтілеуов, Отырар ауданы прокуратурасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Мақсат Әбдукаримов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Түркістан облысы бойынша департаментінің офицері Қанат Төреханов, ТО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, полиция подполковнигі Мухтар Туганбаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға-жедел уәкілі Аманбай Сабыр құқықтық мәдениетті арттыру, қаржылық сауаттылықты нығайту және қоғамдағы заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, психология, экономика және білім салаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.
Жиында Отырар ауданы прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Серік Ізтілеуов «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында баяндама жасап, экономикалық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қорытындылап, бүгінгі кездесу билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған маңызды қадам болатынын атап өтті.
Мәжіліс отырысынан кейін мобильді топ мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.