Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мереке қарсаңында аудандағы мемлекеттік қызмет саласында жемісті қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарды қабылдап, оларға құрмет көрсетті.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектерін жоғары бағалап, алғысын білдірді.
Аудан басшысы құттықтау сөзінде: «Ауданда ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген мемлекеттік қызметшілер аз емес. Олар өз еңбектеріне қарай әртүрлі марапаттарға ие болып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет ету, өзгелерге үлгі болу. Мен өз әріптестерімнің осы талап деңгейінен көрінетіндеріне сенемін»,- деді.
Шара барысында қызметте жақсы жетістіктерге жетіп, жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып келе жатқан бірқатар мемлекеттік қызметшілерге Түркістан облысы әкімінің Грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, аудан әкімінің Алғыс хатына да бірқатар мемлекеттік қызметшілер ие болды.