ӘРБІР МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТИЯНАҚТЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ

ӘРБІР МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТИЯНАҚТЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2025 жылғы 5 айдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы мен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштерінің болжамды орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндаса, екінші мәселе жұмыспен қамту іс-шара жоспарының орындалуы туралы «Мансап» орталығының директоры Ерболат Әбиев хабарлама жасады.
Аудан әкімі мәжілісте көтерілген әрбір мәселе бойынша тиянақты жұмыстар жүргізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, индикаторға жауапты салалық бөлім басшыларына 2025 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен экономикалық көрсеткіштердің жоғарғы өсім деңгейі мен жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды қабылдауды, тиісті есептіліктердің орындалуын статистика органына мерзімінде тапсырылуын жүктеді.