ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ауданда аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Нұржан Дайрабаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында алдымен күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Досанов баяндама жасап, жастар арасында тәрбие жұмыстарының жүргізілуі мен тәрбие беру бағдарламаларының орындалуы туралы айтып өтті.
Жалпы аудан бойынша 2024-2025 жылдары 14-35 жас аралығындағы жастарға талдау жасалған. Дерекқор бойынша ауданда 15278 жас оның ішінде ері - 8449, әйелі – 6829. 2025 жылы жалпы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны – 5475, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 38, азаматтық қызметкерлер – 2031, жұмыссыздар – 230, тұрақты, уақытша жұмыспен қамтылған жастар – 215, студенттер – 2411, әскер қатарындағылар – 15, мүгедектер –560. Отбасын құрған жастар саны – 24. Аудандық жастар ресурстық орталығы КММ-сі жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шаралары бойынша 2024 жылдың қортындысымен жұмыспен қамтылған жастар саны-394 болса, 2025 жылдың 5 айында жастар саны – 230-ды құраған. Ал, 202 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасына - 224 жас болса, 2025 жылдың 5 айында 57 жас тартылған. Қоғамдық жұмысқа 82 жас, алғашқы жұмыс орындарына – 11 жас қамтылған. Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 47 түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 2025 жылдың 5 айында 17 түсіндерме жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері Бегалы Әймішов, Нұржан Дайрабаев, Байбатша Тастанбеков, Бақытжан Сапарбай, Төрехан Амантай, Дәурен Полатбаевтар жастар тәрбиесі, оларды іс-шараларға тарту, мемлекеттік бағдаралмаларды насихаттау, патриотизм, әскерге жастарды тарту, волонтер жастармен жұмыс жүргізу секілді мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін айтты.
Мұнан соң аудандық «Мансап» орталығының директоры Ерболат Әбиев 2025 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Баяндамада атап өткендей Отырар ауданы бойынша «Қазақстан Республикасының Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 4571 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінгі таңда 1928 азамат жұмыспен қамту шараларына жолданған. Тұрақты бос жұмыс орындарына жолдау жоспары 2087 азамат болса 450 азамат жолданып, жоспар 21,6 %-ға орындалған. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға Отырар ауданы бойынша 13 ауыл округтен 41 азамат өтініш білдіріп, бірінші легтің қортындысымен 10 ауыл округтен 20 азаматқа грант берілді. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыс орындарына 659 жоспарланып, 36 жұмыс берушіге 659 азамат жолданып, жоспар толық орындалған.
Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес; мүгедектігі бар 13 азаматты, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 азаматты, пробация есебінде тұрған 5 азаматты және бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан 1 азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі квотасы бекітілген болатын. Есепті кезеңде қаулыға сәйкес мүмкіндігі шектеулі 4 азамат, пробация есебінде тұрған 3 азамат жолданған.
Жиында қоғамдық кеңес мүшелері грант қаржысын мақсатты пайдалану, жұмыскерлердің жұмысқа орналасу тәртібі, уақытша жұмысқа тартылған азаматтардың жұмысын қадағалау секілді мәселелер бойынша сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Қос баяндамадан соң күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Бақытжан Сапарбай, Байбатша Тастанбеков хабарлама жасап, қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының зерделеу жұмыстарының нәтижесін баяндады. Зерделеу барысында жастар ресурстық орталығының ескі жайда отырғанын, жастардың жеке дербес ғимараты жоқ екенін, қоғамдық іс-шаралар қаралған қаржының басқа аудандармен салыстарғанда төмен екенін айтып, орталық мамандары жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті. Оның жанында жаңа жайда орналасқан «Мансап» орталығында жұмысты ілгерілету мүмкіндігі жоғары екендігін жеткізді.
Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өту бойынша, ал, аудандық ағын су мекемесінің маманы Нұрбол Диханбаев ағын су мәселесі бойынша хабарлама жасап, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кеңес отырысында аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов жастарды қолдау шараларын күшейтіп, жұмыстарды ширату керектігін, жаңа бизнес бастағандарға грант беру жұмыстарына қатысатын комиссияның, сондай-ақ, өзге де ауданның 90 жылдықты мерекелеу мен марапаттарды беру бойынша комиссиялардың құрамына аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерін енгізу керектігін айтып, шаруаларға ағын су беру мәселесіне арнайы ұсыныспен шығып, жергілікті бдюжеттен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастыру керектігін жеткізді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты айтылған сын-ескертпелер назарға алынып, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстарды атқару үшін қажетті шешім қабылданатыны ескертілді.