«Қызмет алушылар күні»

«Қызмет алушылар күні»
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша азаматтарды тіркеу тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу және ұзарту, кетуга құжаттарды рәсімдеу қызметтері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара халықтың нысаналы топтарына түсіндіруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді, оның барысында көрсетілетін қызметті алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, қабылдау барысында азаматтарға үйден шықпай интернет байланысы арқылы және ауыл округі әкімі аппараттарынла орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» мемлекеттік қызметтерді алуда е-гов порталымен азаматтарды тіркеу тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеу тіркелуші азаматпен меншік иесі арасындағы келісім электронды түрде жүргізілетіні туралы азаматтарға кеңес берілді.
Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында шетелдегі этникалық қазақтардың «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы «Қандас» мәртебесіне өтініш беруге болатыны хабарланды.