2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспар

Есірткі «жасырын қоймаларын» немесе оларды тарататын тұлғаларды анықтаған кездегі іс-қимыл алгоритмі
Жалпы қағидалар
Жеке қауіпсіздік – басты басымдық.
КАТЕГОРИЯЛЫҚ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: күмәнді заттарға қол тигізуге, күдікті тұлғаларды өз бетінше ұстауға.
Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Есірткінің «жасырын қоймасы» анықталған жағдайда:
Затқа қол тигізбеу.
Орналасқан жерін тіркеу (координаттар, фото, видео).
Дереу 102 нөміріне хабарласу.
102 операторына бар ақпаратты жеткізу (нақты мекенжай, заттың сипаттамасы).
Мүмкіндік болса, полиция келгенге дейін қауіпсіз қашықтықтан бақылау жүргізу.
Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.
Есірткі «жасырушысы» (курьер) анықталған жағдайда:
Байланысқа түспеу.
Күдіктінің белгілерін тіркеу (жалпы сипаттама: ұлты, жасы, ерекше белгілері, киімі, қозғалыс бағыты, автокөлік нөмірі болса көрсету).
Дереу 102 нөміріне хабарласу.
Операторға барынша толық ақпарат беру.
Қауіпсіз қашықтықта бақылау жасап, байланысқа түспеу.
Құқықтық салдарлар:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі:
112-бап – қажетті қорғаныс шегінен шығу.
125-126-баптар – заңсыз бас бостандығынан айыру.
296-297-баптар – есірткі заттарын заңсыз сақтау немесе өткізу.

Дата публикации
09 апреля 2026