Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№6 ҚАУЛЫСЫ
Шәуілдір ауылы 2025 жылғы 6 тамыз
Отырар ауданы Талапты
ауыл округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 14 қыркүйекке Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 7 тамызда басталсын.
- 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалған Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төрағаның м.у.а. А.Дүйсеханов
Хатшы Ұ.Серікбай