Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№91 26 наурыз 2025 жыл
Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1- бабына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 4 мамырына тағайындалсын.
- 2025 жылдың 4 мамырына тағайындалған Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Төраға Н. Жубаев
Хатшы Ұ. Серікбай