Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
№42 12 маусым 2024 жыл
Отырар ауданы Маяқұм ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1- бабына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Ауылдық округ әкімі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 21 шілдесіне тағайындалсын.
- 2024 жылдың 21 шілдесіне тағайындалған Маяқұм ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Жубаев
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ұ. Серікбай