Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
№18 27 наурыз 2024 жыл
Отырар ауданы, Шілік ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1- бабына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Отырар ауданы Шілік ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 5 мамырына тағайындалсын.
- 2024 жылдың 5 мамырына тағайындалған Шілік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Отырар аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Н.Жубаев
Отырар аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Ұ. Серікбай