Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№10 19 тамыз 2026 жыл
Отырар ауданы Шәуілдір
ауыл округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2026 жылғы 27 қыркүйекке Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 20 тамызда басталсын.
- 2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төраға Н.Жубаев
Хатшы Ұ.Серікбай