Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 №8                                                                                           22 сәуір 2026 жыл

 

Отырар ауданы Көксарай ауылдық

округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1- бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық округ әкімі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 31 мамырына тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 23 сәуірінен басталсын.
  3. 2026 жылдың 31 мамырана тағайындалған Көксарай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. 4. Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                  Н. Жубаев

 Хатшы                                Ұ. Серікбай

Дата публикации
22 апреля 2026