
"Жеңіс-тарих, бейбіт күн-бақыт!"
Түркістан облысы Отырар ауданы
"С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-сынып жетекшісі Тұрысбекова Нұргүл апай мен мектеп тәлімгері Айнабек Жанат апайдың ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Жеңіс – тарих, бейбіт күн – бақыт!» тақырыбында мектепшілік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар батыр бабалар ерлігін дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жыр-шумақтарымен жеткізді. Ән шырқалып, көріністер қойылып, соғыс жылдарының ауыр кезеңдері сахнада шынайы бейнеленді.
Жеңіс жолында жанын қиған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны, бейбіт өмірдің қадірін білу – әрбір ұрпақтың міндеті екені кеңінен насихатталды.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара – тарихқа тағзым, ерлікке құрмет, елге деген махаббаттың жарқын көрінісі болды.
Бейбіт күннің бағасын білген ел – бақытты ел,
Ерлікпен келген жеңісті ұмытпайтын ұрпақ – мәңгілік ел!