
Аққұм ауыл әкімі мен мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындарының қатысуымен “Ауылдың ішінара өзекті мәселелерін талқылау” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиын барысында ауылдың әлеуметтік жағдайы, инфрақұрылым мәселелері, көше жарығы, ауыз су, жол сапасы, тазалық жұмыстары және тұрғындарды алаңдатқан өзге де мәселелер кеңінен қаралды.
Ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Өз кезегінде ауыл әкімі көтерілген сұрақтарға тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде түсіндірме берді. Сонымен қатар, тиісті мекеме қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылды.
Жиналыс соңында ауылдың дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.